Қарасай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандар жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың бір түрі қоғамдық жұмыстар екені атап кеткен жөн. Осыған байланысты аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандар жоғарыда атап өткен жаза түріне сай қала және елді мекендерде тазалық жұмыстарын атқарып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысуда. Мәселен, жақында ағымдағы жылдың басынан бүгінгі таңға дейін пробация қызметінің есебінде тұрғандар Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылында жергілікті әкімдіктің нұсқауымен қоғамдық жұмыстарын атқарды.
Міне, осылайша құқық бұзушылар өздерінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетіп, оны халықтың алдында өтеуде. Жазасын өтеуші азаматтармен дәл осындай игілікті істер алда да атқарылатын болады.