«Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалы ғимаратында Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланованың бастауымен қала, ауылдық округ жастар нұсқаушыларымен кездесу өтті. «Болашақ жастар» атауымен аталған кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануы туралы ой қозғау және қоғамда өршіп бара жатқан мәселелері кеңінен талқылау еді. «Ата тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар» демекші, жасы кішілердің де өз айтары, өз ұсыныстары бар. Олар басқосу барысында жаңа идеяларымен қатар, жалпы, болашақта іске асырылатын жоспарларымен бөлісті. Аудан көлемінде брифинг, тренинг өткізілуі қажет екендігі және тағы басқа да ауқымды ойлар айтылды.
Ел қамына ерте араласқан жастары бар мемлекеттің ғұмыры баянды болары сөзсіз!