Жастар жаңа басшыларымен танысты

Жастар жаңа басшыларымен танысты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда ғана Алматы облысының жастар ісі басқармасының басшысы болып Ерлан Жакупов тағайындалған еді. Бұл жұмысқа жаңа кіріскен ол, алдымен аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен танысуды мақсат етіп, бүгін біздің ауданға табан тіреді.

Ең бірінші Ерлан Жұмашұлы өз оқыған Абай атындағы мектеп-гимназиясының соңғы қоңырау салтанатына қатысып, аудандық жастар ресурстық орталығына бет бұрып, онда оны аталмыш орталықтың басшысы Мадина Нұрланова қарсы алып, өз істерімен таныстырды. Орталықтың қызметкерлерімен жүздесіп, олармен әңгімелесті. Сонымен қатар, жастар ісі басқармасының басшысы олардың барлығының да жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұнан соң, Ерлан Жакупов Сулейман Демирел атындағы университетке бет алып, ондағы жастарға жасалған жағдаймен танысып қайтты. Оны университеттің оқу және ғылыми істер жөніндегі проректоры Давранжон Гаипов қарсы алып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Атап айтсақ, университеттегі жастардың әртүрлі клубтарын, ойын-сауық бөлмелерін және оқу әдістемелік кабинеттерін аралатты. Бұдан бөлек, «Технопарк» бөліміне де барып, үздік студенттердің ойлап тапқан дүниелерін көріп қайтты. Онда студенттік істер бөлімінің жетекшісі Арайлым Мархаба толық ақпарат берді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях