Жастарға жалға берілетін пəтердің айлық жалдау ақысы 12 мыңға дейін болады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Болашақ – жастардың қолында деген Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жастардың әрбір басталарын қолдау көрсетіп, биылғы жылы оларға көптеген жеңілдіктер жасап отыр. Мәселен, таяуда елбасымыз жұмыс жасайтын жастарға жалға берілетін үйлердің бір айлық төлемі 12 мың теңгеге дейін болсын деген тапсырма берген еді. Бұған қатысты Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Д.Қалатаевтың бүгін бағдарлама туралы толығырақ ақпарат берді. Министрдің айтуынша жалға берілетін пәтерлерге елордамыз Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбек ететін 29 жасқа дейінгі жастар үміткер болады екен. Бірақ, үйді алғысы келетін азаматтың міндетті түрде жұмыс орны болу керек. Бұл бағдарлама бойынша жалға берілетін баспананың аумағы 40-50 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда бұл бағдарлама толықтырылу үстінде.