Жастар ісінің кезекті кеңес отырысы

Жастар ісінің кезекті кеңес отырысы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудандық Жастар ісінің кезекті кеңес отырысы болды. Қала, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар, бөлім және мекеме басшылары, аудан белсенділері қатысқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әмірғалиев басқарды.

Онда күн тәртібіндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жастар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен қараусыздықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және жұмыссыздар санатына тіркеу, жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту жұмыстарына қатысты екі мәселе қаралып, оның арқасынан «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мадина Нұрланова 2017 жылдың есебін қорытындылады. Жалпы, Қарасай ауданы бойынша статистикалық мәліметке сүйенсек 14-29 жас арасындағы жастар саны 54524-ті құрайды екен. Оның ішінде ауыл жастары 36176 болса, қала жастарының саны 18348. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының төрт бағыты бойынша көптеген азаматтарымыз тұрақты жұмысқа орналасса, басқалары несие алып, өз кәсіптерін ашып, оны жандандыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік палаталарының оқыту курстарын аяқтап, сертификаттарын алғандарда бар.

Жоғарыда айтылған есепті нақтылаған соң, басқосу соңында Мадина Кененқызы аудан басшысының орынбасарынан жастар тарапынан заманауи аула клубтарын құру ұсынысын айтты. Онда ол ауданның ішінде бос мекемелер болса, оны жастарға пайда келтіретін тегін үйірмелерді ашуды ойластыруын сұрады. Бұл ұсынысты назарға алатынын жеткізген Мадияр Орынтайұлы, басқада қала, ауылдық округтердегі жастарды жұмыспен қамтып, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру шараларын одан әрі жандандыруын айтты. Бұдан бөлек, «Жас Отан» жастар қанатының әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізуін жеткізіп, іс-шаралар мәліметі толық жүктеп, күнделікті мониторинг жүргізілуін және жоспарға сай және одан тыс атқарылатын  жұмыстарды қадағалап, уақытылы өткізілуін талап етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях