Жастар арасында мүшайра жарияланды

Жастар арасында мүшайра жарияланды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл Алаш партиясының жүз жылдығы. 1917 жылы бас көтерген Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Мағжан Жұмабаевтардың көксеген арманы бүгін туып отыр. Осы орайда бір ағамыздың, ұлт зиялыларының қан кешіп жүріп жазған еңбектерін, жылы үйде отырып аударуға шақырғаны еріксіз еске түседі. Сонау бір ғасыр бұрын етек- жеңін жиып, егемендікке ұмтылу мақсатында біріккен ұлт зиялыларының ерен еңбегінің мерейтойы. Осыған байланысты бұл айтулы шара кең көлемде, мемлекетімізде аталып өтпек. «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болған» алаш арыстарын кеңінен насихаттап, еңбектерінің таралуына, тарих сахнасында бұрмалауға ұшыраған тұлғаларымыз жаңаша қырынан танылатын, тарихшылар мен әдебиетшілердің қырағылығы мен шеберлігін сынайтын кез.

Бұл бастама тек лауазымдыларға ғана тән құбылыс емес. Ұлт боп ұйымдасып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезең. Бір қуантатыны өз кезегінде  студенттер де өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тәлімгерлері жоғарғы оқу орындарына мүшайра жариялады. «Арыстар – елдің ардағы» атты жарыстың да мақсаты жоғарыдағыдай. Осы игі бастамаға Қарасай ауданының студент жастары да үнсіз қалмақ емес.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях