Жастарға жәрдем

Жастарға жәрдем

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда Қаскелең қаласының орталық базары мен осындағы «Зәмзә» сауда үйінде жастарды жұмысқа орналастыруға жəрдемдесетін көшпелі ақпараттық-кеңес беру жұмыстары өткізілді. Аудандық жастар ресуртық орталығы мен облыстық «Жетісу жастар ұйымының конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – азаматтарға заңгерлік, психологиялық және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша кеңес беріп,  мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттандыру еді.

Бұл іс-шараға жоғарыда аталған қоғамдық бірлестіктің өкілі Дәулет Ауданбаев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нурланова және аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Жадыра Маратова қатысып, аудан жастарының әртүрлі әлеуметтік сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жұмыссыз жастарға осы мәселе бойынша мемлекет тарапынан ұйымдастырып жатқан бағдарламаларды түсіндіріп, ақпаратпен бөлісті. Жалпы, бұл іс-шараға 25-ке жуық азамат қатысып, өзінің көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях