Жастарға арналған жаңа жоба

Жастарға арналған жаңа жоба

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елімізде нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу мен республиканың түрлі өңірлеріндегі туризмді дамыту жолындағы жастардың бастамаларын анықтап, қолдауға бағытталған кең ауқымды «3.2.1. Старт!» жобасы бастау алды. Бұл жоба «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, CCI Kazakhstan компаниясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымының ұйымдастырылуымен жүзеге аспақ.

Жуырда Қаскелең қаласындағы «Аяжан» колледжінде, осы оқу орнының студенттерімен аталмыш жоба аясында «Жастар болашақты қолдайды» атты кездесу өтті. Басқосу барысында экологиялық тұрақтылық, су мәселелері, қалдықтарды өңдеу, энергияны үнемдеу тақырыптары сөз болды. Сонымен қатар, жаңа бастаманың арнайы кітапшалары таратылып, оны насихаттау жұмысы жүргізілді.

Жалпы, «3.2.1.Старт!» жобасының шеңберінде 17 мен 22 жас аралығындағы жастарға (колледж, ЖОО студенттері, жас мамандар) кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру тәжірибесінде нақтылы көмек көрсетіледі. Бұл ретте барлық ниет білдірушілер жоба сайтына (www.321.the-steppe.com) өтінім жіберу арқылы оның қатысушысы атана алатынын білгені жөн. Өтінімдер 2017 жылдың 16 наурызынан бастап 17 сәуірге дейін қабылданатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях