Жастарға арналған жәрмеңке

Жастарға арналған жәрмеңке

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аудан жастарына «Бос жұмыс орындар» жəрмеңкесі ұйымдастырылды. Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен бұл іс-шараның нақты мақсаты жұмыс берушілермен жұмыс іздеуші жастарды ірі кəсіпорын мекеме басшыларымен жəне кадр мамандарымен бетпе-бет кездестіріп, мекемедегі бос қызмет орны жайлы хабарлама етіп, жұмыспен қамту болатын. Аталмыш іс-шараға Алматы облысының жастар ресурстық орталығының қызметкері Айгерім Серікова, аудандағы 19 ірі кəсіпорын мекемелерінің өкілдері және 80-ге жуық жас қатысты. 

Жалпы, жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңке жастарға бүгінде білім беру ошақтарында қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға ықпалын тигізді. Жиын барысында қатысушылар ірі кәсіпорындардың атынан келген мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сұраныстарын айтып, жұмысқа орналасудың мән жайын біліп жатты. Барлық жастар іс-шара соңында қажетті ақпараттарын алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, тарқасты.  

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях