Жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық турнир өтті

Жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық турнир өтті

Sorry, this entry is only available in Русский.

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай, 1 Май орта мектебінде бокстан 2005-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирі өткізілді.

Бекболат ауылында Қарасай ауданының спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен бокс жарысында облыстың барлық қала-аудандарынан жиналған 170 бала қатысып, күшін сынасты. Шараға аталмыш мектептің директоры Валерии Мухарбекович пен ауылдың әкімінің орынбасары Хизат Молдыбаев қатысып, жеткіншектерге сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарыстың мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру.

Тартысты турнир қорытындысында жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Бекболат ауылының тумалары Бексұлтан Жандула, Нұрасыл Истай, Ризат Тұрсынбек, Ақжол Төлебай, Әділбек Еркін, Әділжол Аланұлы бірінші орындарды иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және медальдар табыс етілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях