Жас қарасайлық үздіктердің қатарынан көрінді

Жас қарасайлық үздіктердің қатарынан көрінді

Қарасай ауданының ғылыми қызметкері «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күні кеше Жетісудың үздік жастары анықталып, жеңімпаздарға «Көшбасшы – 2020» сыйлығы табысталды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен шараға білім, ғылым, спорт, мәдениет және басқа түрлі салада жемісті еңбек еткен 20 белсенді жас қатысты. Олардың ішінде Қарасай ауданының абыройын арттырған, «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» атанған Айгүл Амангелдиева да бар.

Аграрлық саланы жетілдірсем деп жүрген жерлесіміз облыс басшысының арнайы жүлдесіне ие болды. Үздіктердің қатарынан табылған Айгүл Айдарқызына арнайы диплом мен 250 мың теңгенің сертификаты табысталды.

[su_custom_gallery source=»media: 27607,27608″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жетісулық жастардың арасынан топ жарып шыққан қарасайлық Айгүл Амангелдиева жайлы қысқаша айтып өтсек. Жас маман бүгінде ауданымыздағы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу  институты» ЖШС-нің биотехнология лабораториясында кіші ғылыми қызметкер лауызымында еңбек етуде. Жоғары білімді, техника және технология ғылымдарының магистрі. Осы уақытқа дейін ғылым жолында жеткен жетістігі жетерлік. Атап айтқанда, ҚР білім және ғылым министрлігінің, Ғылым комитетінің 3 ғылыми жобасының орындаушысы, 7 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде импакт-факторы жоғары шетелдік басылымда 2 мақаласы жарияланған.

Жалпы Айгүл сияқты білікті мамандар қызмет ететін ғылыми зерттеу институтының бұл алғашқы жетістігі емес. Дәл осы Жетісудың үздіктері анықталатын 2018 жылғы байқауда осы ғылыми орталықтың Рахия Ерназарқызы атты тәжірибелі қызметкері де жүлдегер атанған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях