Жас ғалым өмірден озды

Жас ғалым өмірден озды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазақстанның жас ғалымы атанып, сонымен қатар, iPhone мен iPad-қа қазақша пернетақта ойлап тапқан Заңғар Орынбетов жақында, жол көлік апатынан бақилық болды. Ол еліміздің беделді жоғарғы оқу орнының бірі, ауданымыздағы Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы университетте білім алып, тәмәмдағаннан соң сол жерде ұстаз болып жұмыс істеген.

З.Орынбетов дүниежүзілік iOS-әзірлеушілер конференциясына қатысқан алғашқы қазақстандық болып, әлемге әйгілі Apple компаниясының бас директоры Тим Кукпен жүздескен. Заңғар туралы қасында жүріп, жақын досы болған Дархан Қуанышбаев былай баяндайды:

– Ол өте білімді, ақылды, өз дегеніне талмай талпынатын жігіт болатын. Мен Заңғармен бірінші курста танысқам. Ол сол кездің өзінде Apple компаниясының, оны құрған Стив Джобстың үлкен фанаты еді. Біз бірге көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды алғанбыз. Атап айтқанда, 2 курста бағдарлама жасау бойынша «The best project award» жобасында 1-ші орын, 3 курста «inTouch» әлеуметтік желісін жасап «The best project award» жобасында 2-ші орынды иеленгенбіз.

Бұдан басқа, оған университет қабырғасында сабақ берген мұғалімдер де Заңғардың дарынды, ақылды болғанын алға тартады.

  • Студенттердің арасында ерекше оймен, ізденіспен, ақылмен көзге түсіп отыратын. Қандай да бір тапсырма болмасын, оны уақытында, лезде, сапалы тапсыруға тырысатын. Мен оның болашағы жарқын болатынына сеніммен қарайтынмын, – дейді мұғалімі Мейрамбек Жапаров.

Қазір оның әлеуметтік желідегі парақшалары туыстары мен достарының ыстық ықыластары мен сағынышты еске алуларына толып үлгерген.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях