Ең ірі электр қуатын тарататын «Алатау Жарық компаниясы» АҚ қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдайтын жарыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді, қоғамдағы қалыпты өмірімізді жарық көзі арқылы қалыптастырамыз десек артық айтқандық емес. Қарапайым мысал ретінде бүгінгі таңдағы барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтуға болады. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Міне, бүгін аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізіп жатыр. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады.
[su_custom_gallery source=»media: 10556,10554,10555,10553,10551,10552″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Бүгінгі облыстық турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат, мол табыс және жарысқа сәттілік тіледі. Өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев алып Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп, қызмет көрсетіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, барша командаларға осы жарыс арқыты шеберліктері одан әрі арта берсін деген ниетін білдірді.
Біліктілікті арттыруға негізделген сайыс 12-14 маусым аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері бес деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталатын болады.