Ауданымызда «Таза бейсенбі» атты тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды Karasaiynfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы №91 Қаулысы негізінде, 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында, аудан аумағындағы елді мекендерде санитарлық тазалық және көріктендірудің екі айлығы өтуде.
[su_custom_gallery source=»media: 8498,8497,8499,8496″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Осы орайда бүгін аудан бойынша «Таза бейсенбі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың жеке кәсіпкерлері мен тұрғындары, барлығы 500-дей адам қатысып, 30 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында ауданымыздың барлық ауылдық округтерде көше бойын, аула, үй маңдарын қоқыстардан тазалау, арықтарды жөнге келтіру, ағаштарды ақтау сияқты жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, республикалық және облыстық маңыздағы трассаларда да тазалау жұмыстары өтті.
Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу әрбір қарасайлықтың тұрғындық міндеті деп білеміз.