Жалпақсайдағы зираттың жарықтануы шешімін таппақ

Жалпақсайдағы зираттың жарықтануы шешімін таппақ

Жалпақсай ауылындағы жерлеу орындарындағы мәселе тұрғындарды алаңдатуда. Көтерілген мәселер реттілігімен шешімін табу көзделуде, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жай-күйді баяндар болсақ, Жалпақсай ауылы ақсақалдар алқасының мүшесі Серік Сарыбаевты аталған ауылдағы зираттың аумағы қоршалмағандығы, ол жерге сонау Алматыдан адамдарды рұқсатсыз жерлеп жатқандығы, егер осылай жалғаса берсе жергілікті адамдарға қоюға орын қалмайтыны алаңдатады екен. Бұл мәселе көтерілген соң, ауыл тұрғындары қол қусырып отырмай өткен жылдың қараша айында ақсақалдар алқасы кеңесінің кезектен тыс жиналысын өткізіпті. Сол отырыста ауылдың азаматтарын жинап оларға ауылдағы  көшелердігі үй-үйден ақша жинап, темір терсек сатып алынып, қоршау жұмыстары қызу жүргізіле бастаған. Бұл бір мезгілде бітетін шаруа болмағандықтан, әлі де біраз материалдар алуға қаражат қажет болып тұр екен.

Жоғарыда көтерілген мәселелерді назарға алып, Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Серік Үмбеталиевтен нақты жауап алуды жөн санадық. Округ әкімі бұл мәселелерден хабардар екенін жеткізді. Ол тілге тиек екендей, Жалпақсай ауылындағы зиратқа тиесілі жер учаскесінің мемлекеттік актісі осыдан екі жыл бұрын алынған, бірақ, бюджеттен оны қоршауға арналған қаражат қарастырылмаған. Сондықтан ауыл тұрғындары шамалы келгенше өздері ақша жинап жатыр екен. Серік Қалижанұлы да бұл мәселеден шет қалмай, меценаттарды іздеп, қайырымды жандармен келіссөз жүргізіп жатыр екен. Ал, жарық мәселесі биылғы жылы жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен өз шешімін таппақ. Өйткені, жарық бөренелерін орнату үшін жердің жұмсаруы қажет болып тұр. Келесі кезектегі, жергілікті тұрғындардың емес,  Алматының адамдарын  Жалпақсайдағы зиратқа жерленіп жатқандығына да қатысты әкімдік жауап берді. Айтылған мәліметке  сүйенсек, қайтыс болған адамның туысқаны келіп, жергілікті әкімдікке жерлеуге рұқсат беруін сұрап өтініш жазады. Сонымен қатар, қайтыс болған адамның сол ауылда тұрғанын немесе тіркелгенін растайтын анықтама қоса тапсырылады екен. Ұмтыл ауылдық округінің әкімдігі көтерілген мәселелерге қатысты жауапты Серік Сарыбаевқа тағы өздері түсіндіріп беретіндіктерін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях