Жаңа жылдан жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі

Жаңа жылдан жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі

Sorry, this entry is only available in Русский.

Еліміздің бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады. Ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет жоқ. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының      98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырылған. Сол тапсырманы жүзеге асыру үшін 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі енгізілетін болады.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кірістері үш бөлімнен тұрады. Салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдер және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің салықтық түсімдерден төменгі кіріс көздері айқындалды. Олар: төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық, жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы, елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудан мәслихаты бекітетін болады, ал жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін атқару ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі. Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделері ескеріле отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тетіктер көзделген.

 

Бүгін Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінің жиынжайында ұйымдастырылған облыстық семинар-кеңесте бұл мәселе кеңінен талқыланды. Облыстық әкімдік ұйымдастырған, «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу» тақырыбындағы жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Джапаров төрағалық етіп отырды. Сонымен қатар, президиумнан Алматы облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Маржан Мұрат, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Толебекова, облыстық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Дамир Дуспаев орын алды.

 

Жиынға Қарасай, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының аталған салаға жауапты қызметкерлері, қазынашылық, мемлекеттік кірістер басқармаларының, аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, есепшілері және заңгерлері шақырылды.

Мақсұт Рамазанұлы кіріспе сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнаманы орындау мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, Алматы облысы әкімінің аппарат басшысының бұйрығы негізінде, өңір бойынша жұмыс тобы құрылып, аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтып өтті.

Семинар барысында білікті мамандар тақырыпқа сай баяндамалар жасап, келер жылдың басынан қолданысқа енетін жергілікті бюджеттің қыр-сыры жайлы қатысушыларға бағыт-бағдар берді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях