Жаңа мектептер салынып, ауыз су мәселесі шешіледі

Жаңа мектептер салынып, ауыз су мәселесі шешіледі

Өткен жылы ауданда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесі мен алдағы уақытта жүзеге асатын талай игі бастамалардың бірқатарын айтқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев бүгін өзінің қорытынды есебін өткізді. Әкімдіктің инстаграм желісі арқылы өткен онлайн-кездесуде жүзден астам қарасайлық байланысқа шығып, өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Бұл есептік жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Алпысбаев та арнайы қатысып, «ZOOM» платформасы арқылы тұрғындардың мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Қашықтан өткен жиынға аудан әкімімен бірге оның орынбасарлары, сонымен қатар, онлайн бағытта бірнеше бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары да қатысып отырды.

Есеп беру барысында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев алдымен 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің даму болжамы толығымен орындалғанын айтып, әр салада жеткен жетістіктердің ретін тізбектеп шықты. Жүйелі жұмыстар іске асырылғанымен аудан басшысы халықтың игілігі үшін келешекте атқарылатын талай жұмыстар күтіп тұрғанын да жеткізді. Солардың ішінде ең негізгілеріне тоқталып өтсек.

Әйтей ауылына қарасты «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 30 га. жер теліміне 130 «таунхаус» үйлер салыну жоспарланған болса, соның 50-нің құрылысы өткен жылы аяқталса, 50-ін ағымдағы жылда қолданысқа берілу жоспарда бар. Ал, 30-ның құрылысы биыл басталады. Дәл сол сияқты білім саласында да бірқатар бастамалар жүзеге асқалы тұр. Атап айтқанда, «Қарлығаш» ықшам ауданына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1500 оқушыға арналған мектептің және Алмалыбақ, Жібек жолы ауылдарындағы, Іргелідегі Л.Толстой атындағы орта мектептеріне жапсаржай құрылыстары жүргізіледі. Одан бөлек, «Асыл арман» ТК-де 2000 орындық, Жармұхамбет, Елтай, Долан, Бұлақты ауылдарына 600 орындық жаңа мектептің құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Денсаулық саласында да жақсы жаңалықтар күтілуде. Былтыр құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 25 келушіге арналған Долан ауылындағы дәрігерлік амбулатория биыл пайдалануға берілмек. Одан бөлек, 2021 жылы Қаскелеңде заманауи талапта 250 төсектік стационары бар ауысымда 1000 адам қабылдайтын емхананың құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Ал, Жібек жолы ауылында 300 келушіге арналған бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының және Шалқар, Ұлан, Бекболат ауылдарындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы биыл басталады.

[su_custom_gallery source=»media: 30024,30023,30025,30021″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Сонымен қатар, көпті алаңдатқан «Алтын орда» базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары да айтылды. Оның құрылысы жоба бойынша биыл аяқталады деп күтілуде.

Аудан әкімі Ж.Далабаев есеп беру кезінде осындай ең негізгі істердің барысына тоқталып өтті. Одан кейін тұрғындар «ZOOM» платформасы арқылы тікелей байланысқа шығып, облыс әкімі А.Баталовтың, оның орынбасары Р.Алпысбаевтың және аудан басшысының атқарылған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, бірқатар сұрақтарын қойды.

Өз кезегінде бұл есептік кездесуге арнайы қатысып отырған Рустам Әлиұлы тікелей байланысқа шығып, Жетісу өңірі бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Ол облыс бойынша жеткен жетістіктердің ішінде Қарасай ауданының да үлесі зор екенін айтып, кейбір үлгі аларлық бастамаларға да тоқталды. Атап айтқанда, «Үшқоңыр» спорт кешені сияқты нысандардың қатарын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға зор үлес қосу керектігін жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары сөз арасында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлына алдағы уақытта инвестиция саласын арттыру, жұмыссыздықды жою, «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспанамен қамтамасыз ету, үш ауысымды мектептердің қатарын азайту және COVID-19 індетінен сақтану бойынша әлі де жұмыстар атқару керектігін тапсырды. Одан кейін Рустам Әлиұлы «ZOOM» платформасы арқылы қарасайлықтардың өтініш-тілектерін де тыңдады. Олардың арасында қаскелеңдіктерді талайдан бері мазалап жүрген «Өнер» мектебіне қатысты мәселе де айтылды. Облыс әкімінің орынбасары жаңа мәдени ордасының құрылыс үшін жобалау-сметалық құжаттамасына 17 млн. теңге көлемінде қаражат қажет екенін түсіндіріп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныс жіберілгенін айтты. Сонымен қатар, Р.Алпысбаев Жаңатұрмыс пен Қырғауылды ауылдарының ауыз су мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтарды талқылап, аудан әкімімен ақылдаса нақты жауап берді.

Онлайн-есептік кездесудің соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев тікелей эфир барысында аудан тұрғындарының жолдаған көптеген сұрақтарына тоқталды. Барлығын саралап, көтерілген мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы әлеуметтік желі арқылы жолданған барлық сауалдар үш жұмыс күні ішінде жауап берілетінін түсіндірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях