Жүздеген адамның көз жасы. 55 млн жиналған беташар туралы хат жарияланды (видео)  

Жүздеген адамның көз жасы. 55 млн жиналған беташар туралы хат жарияланды (видео)   

Жаңа түскен келіннің сәлеміне 55 миллион теңге жиналған беташар туралы жаңа дерек шықты. Әлеуметтік желіде бұл ақшаның халықтың көз жасы екені айтылған Бұл Түркістан облысы 27 жастағы тұрғынының қуанышы екен, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы танымал тележурналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Түлкібасқа (Түркістан обл. — ред.) келін түсті, беташарға 55 миллион теңге лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр деп жазыпты көршісі» делінген жазбада.

Журналистке Балнұр есімді тұрғын хат жазған. Онда шаңырақ көтерген жігіттің 1994 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келгені, желілік компанияда істейтіні жазылған.

«Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісін (кітапханашы, айлығы 40-50 мың теңге) 1 миллион кредитке кіргізіп жіберген. Қазір сол үшін араласпайды. Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында тұрамыз. Аңқау қазақты кредитке кіргізген бұндайларға шара қолдану керек… Анасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді… Ауылдағылардың кез-келгенімен сөйлессеңіз, Серікті жұлып жеуге дайын», — делініпті хатта.

Балнұрдың мәліметінше, ауылда бір жыл бұрын осы үшін айқай-шу болған көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях