Жұмыс тауып беруге арналған бағдарлама

Жұмыс тауып беруге арналған бағдарлама

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ауданымыздағы Сулейман Демирел университетінің стартаперлері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған алғашқы мобильді қосымшасын ойлап тапты.

«JobBer» деп аталатын бұл бастама жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, яғни, жұмыс берушілердің және еңбекке мұқтаж адамдардың өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. JB стартапының негізгі серіктестері мен құрылтайшылары PhD докторы, университеттің экономикалық, әлеуметтік және іскерлік зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Әсел Изекенова және оның инженерлік және жаратылыстану факультенінің 4-курс студенті Ализаде Парвин әзірлеген бағдарлама ең алдымен, бейресми жұмыспен қамту нарығына көзделген. Оның негізгі пайдаланушылары студенттер, үйде жұмыс істейтін адамдар, еңбек өтілі немесе жас ерекшелігіне байланысты зейнеткерлер, белгілі бір себептермен ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтын адамдар. Әсел Изекенованың айтуынша, жобаның бірегейлігі – қызметкерлер тек мобильді платформаны қамтамасыз етпестен, сондай-ақ, үлкен тәжірибесі бар, бірақ, ұялы қосымшаларды пайдалану туралы толық білімдері жетпейтін қарт адамдар үшін қажетті, сонымен қатар, ақпараттық сауаттылық бойынша жеке кеңестер жүргізетін кеңсе ұйымдастырылады. «JobBer» мобильді қосымшасы Android негізіндегі пайдаланушыларына өз аккаунттарын үнемі бақылауда ұстауды ұсынады. Ал, жұмыс беруші қолданушылар да өз тапсырмаларын оңай басқара алады. Қарапайымдылық – бағдарлама жұмысының негізгі артықшылығы.

Ал, жоба авторлары бас серіктестері Тұңғыш Президент қорына ерекше алғыстарын білдіруде. Себебі, қор қарапайым мысалдар арқылы өміршең, әрі әлеуметтік маңызы бар жобаларға әрдайым қол ұшын беріп келеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях