Жүлделі оралған мұғалімдерді жігерлендірді

Жүлделі оралған мұғалімдерді жігерлендірді

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева «Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттегі дінтанушылардың рөлі» тақырыбында өңірлік деңгейде өткен пікірсайысқа қатысып, жүлделі оралған ұстаздарды арнайы қабылдап, құттықтады.

Аталған дебат  11-12 мамыр аралығында Алматы облыстық Дін істері басқармасында тарихшы, дінтанушы мұғалімдер арасында өткен болатын.

Жалпы саны 20 команданың басын қосқан пікірсайыста Қарасай ауданының атын шығарып, абыройын асырған «Дәстүр» командасы 2-орынды жеңіп алды. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, түсіндірумен қатар дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бағытындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған айтулы додадан жүлделі қайтқан Абай орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Есмуратоваға және Бірінші Май орта мектебінің ұстазы Ержан Спатаевқа аудан әкімінің орынбасары өзінің жылы лебізін білдіре келе, Алғыс хатпен де марапаттады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях