Үздік жас ғалым

Үздік жас ғалым

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Таяуда, Талдықорған қаласындағы  «Жастар» спорт сарайында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімінің  “Көшбасшы-2017” сыйлығын тапсыру кеші өтті. Білім мен ғылым, өнер мен саясат, кәсіпкерлік пен спорт сынды бірнеше саладағы  жетістіктерімен, қоғамдағы белсенділіктерімен көзге түскен ең таңдаулылар осы күні  “Көшбасшы” атағына лайық деп танылды.

Кешке Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, жылы лебізін білдірді. Жастары жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатының тиянақты түрде жүзеге асуына ат салысуға шақырды.

Бұндай мəртебелі атақ жыл бойы жастар саясатын белсенді түрде жүргізіп, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзгелерге үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен 29 жасқа дейінгі облыс жастарына беріледі. Биыл 17 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Солардың ішінде «Үздік жас ғалым» атағын С. Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Ермек Тоқтаров жеңіп алды.  

 Ермек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Саясаттану» факультетінің бакалавры, магистрі және философия ғылымдарының докторы атанған. С.Д.Арсфендияров атындағы университеттің ғылыми қызметкері болған. Осы жылдан бастап, Қаскелеңдегі С.Демирел атындағы университетте құқықтану факультетінің студенттеріне философиядан тәлім береді. 2015 жылы Оңтүстік Калифорния университетінде философия мектебінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өткен. Көптеген ғылыми жобаларға қатысып, 20 шақты мақала жазған. Отызға толмаған шағында осындай биік белестерді бағындырған Ермек Бауыржанұлы, сол себептен де «Үздік жас ғалым» атағына лайық деп табылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях