Үздік ведомстволық архив

Үздік ведомстволық архив

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Алматы облысы архивінің Қарасай аудандық филиалында, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған, қыркүйек, қазан айларында сырттай өткізілген «Үздік ведомстволық архив» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапатталды. Аталмыш басқарманың бөлім басшысы Гүлім Әбсейітова төрағалық еткен сайыстың мақсаты – мұрағаттарда құжаттардың сақталуын, дұрыс қабылдалуын, сонымен қатар, есепке алу тәртіптерін дұрыс болуын және олардың құндылығына сараптама жасалуын анықтап, баға беру болатын.

Жалпы, бұл жарысқа республикалық және жергілікті бюджетке қарасты 21 мекеме, атап айтқанда, құқықтық, мемлекеттік органдардың ішіндегі архивтер қатысты. Шарт бойынша құқықтық органдардың құжаттары электрондық форматқа енгізілгендіктен және материалдық базасы, мемлекеттік жергілікті органдар мен мекемелермен салыстырғанда едәуір жақсы болғандықтан, жүлделі орындар екіге бөлінді. Яғни, құқық қорғау органдарын бір топқа бөліп, олардың ішінен комиссия мүшелері бөлек жеңімпаздарды анықтаған. Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша, әр жүлделі орынға екі мекеме ие болды. Ведомстволық архивке құжаттардың қабылдануын, сақталуын және пайдаланылуын талаптарға сәйкес жоғары деңгейде көрсеткен Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының және Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотының мекемелері 3-ші орынды жеңіп алып, қағаз басып шығару құрылғысы мен жинақтау дискілеріне ие болды. Ал, 2-ші орынды Ескелді ауданы әкімінің аппараты мен Райымбек ауданының №2 аудандық соты алса, 1-ші орынды Талғар аудандық ауруханасы мен Ұйғыр ауданының прокуратурасы қанжығасына байлап, алғашқысына ноутбук тапсырылса, екіншісіне кондиционер сыйланды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях