Үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды  

Үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды   

  Қарасай жерінің спорт саңлақтары ағымдағы жылды қорытындылады. Елеулі жетістігімен дараланған Абзал Жұмабаев басқаратын аудандық  №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшы мен еңбегі еленген жаттықтырушылар аудандық Мәдениет үйінде өткен «Жыл үздігі – 2021»  салтанатты жиынында марапатталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.
Қарасай спортшылары үшін биылғы жыл жаман болған жоқ. Жерлестеріміз талай дүбірлі жарыстарда көк байрақты аспанда желбіретті.  Ал, аталған спорт мектебінің бапкерлері талай Әлем, Азия, Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбилеп шығару бар күштерін салуда. Жиын барысында жаттықтырушылар мен спортшыларға бірқатар марапаттар берілді.  Атап айтқанда, «Үздік спортшы – 2021»  номинациясы бойынша мүсінше мен дипломдарды  аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Жарасхан Әділханұлы табыс етті. Одан кейін сахнаға облыстық спорт басқармасының басышысы мен аудан әкімінің аттарынан Алғыс хаттарын беру үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Камзанов көтерілді. Ресми бөлімнен соң шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Жиынның соңы жас спортшылар жиналғандарға киокушинкай-кан каратэ, таеквандо, тай-бокс спорт түрлерінен өнерлерін көрсетумен түйінделді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях