Үздік үштіктің қатарында

Үздік үштіктің қатарында

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» республикалық турниріне өңірлік іріктеу жарысы – «Жетісу бөрісі» сайысы өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен, яғни, 16 аудан мен үш қаладан жиналған қара күш иелерінің боз кілем үстіндегі тартысында қарасайлық палуандар да бақ сынады. Нәтижесінде, «Қарасай бөрісі» атанып, өңірлік бәсекеге жолдама алған жерлесіміз 38 қатысушының арасынан дараланып, жүлделі үштіктің қатарынан көрінді.

Нақты айтқанда, бірінші орынға тігілген «Лада-гранта» автокөлігін талдықорғандық Алексей Косачев жеңіп алса, осы қаланың тағы бір жас спортшысы Ұлан Рысқұлов екінші орынға қол жеткізіп, 500 мың теңгеге ие болды. Ал, оған есе жіберіп қойған қарасайлық Асқар Турекулов үшінші орынға табан тіреп, 300 мың теңгені еншіледі.

Әрине, 40-қа жуық жетісулық мықтының арасынан жүлдегер атану да үлкен жетістік. Сондықтан, жарайсың, Асқар!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях