Үздік мәдениет қызметкері

Үздік мәдениет қызметкері

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай ауданының мәдениет саласында тынбай еңбек етіп, абыройын асқақтатып жүрген жандар аз емес арамызда. Солардың қатарынан ойып тұрып өзіндік орын алатындардың бірі ретінде Қонақбай Жалмахановты жаңылмай айтуға болады. Жалпы осы өнер әлемінде ширек ғасырдай уақыт тәжірибе жинақтап, түрлі жауапты қызметтерді атқарып жүрген ол алдымен Қаскелең мәдениет колледжінде «көпшілік қойылымдар режиссері» мамандығын алған, кейіннен Шымкенттегі М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің музыкалық факультетін бітірген. Қазіргі кезде аудандық мәдениет үйінің №1 филиалына қарасты саңыраулар клубының директоры болып табылатын кейіпкеріміздің домбыра, баян, гитара сияқты аспаптарда  жақсы ойнайтынын да айта кеткен жөн. Жары Меруерт екеуі төрт қызды тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты отбасы.

Он жылдан бері қазыналы Қарасай жерінің киелі сахнасында түрлі образдарды үлкен шеберлікпен сомдап, көптеген ауқымды шаралардың ойдағыдай өтуіне өзіндік үлесін қосып, ұйымдастырушылық жағына ұйытқы болып жүрген Қонақбай Аяпұлы жақында, кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік мәдениет қызметкері» атанды. Алматы облысының әкімі А.Баталовтың арнайы Дипломымен марапатталып, 100 000 теңгенің сертификатын алған жерлесіміздің бұл соңғы жетістігі емес екені анық.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях