Зауыт жұмысшыларымен жүздесті

Зауыт жұмысшыларымен жүздесті

Sorry, this entry is only available in Русский.

Келесі жылдан бастап елімізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізілмек. Ол туралы қарапайым халыққа түсіндіру әлі де жалғасуда. Кім қайда тіркеледі, оның қандай заңдылықтары бар? Қай мекемені таңдаған дұрыс? МӘМС жүйесінің артықшылығы не? Кім қанша төлейді? Осыған орай, бүгін, ауданымыздағы ірі өнеркәсіптер саналатын «Kagazy Recycling» ЖШС және «АзияАгроФу» АҚ зауыттарының жұмысшыларына медициналық сақтандыру мәселесін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ержан Сүлейменов арнайы келіп, жиын өткізіп түсіндірді.

Бүгінгі таңда, басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да, денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Ержан Әбілқасымұлының айтуынша, жүйе денсаулықты сақтау үшін өте тиімді және қолайлы болмақ. Айта кету керек, медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылатындықтан, дамыған елдердің көпшілігі оны өздеріне ерте енгізіп, қазір нәтижесін көріп отыр. Яғни, сырқатыңыз үшін көлемді қаржы керек болса, медициналық сақтандыру қоры ақшаны жеткенінше бөледі. Жұмыс беруші мен жеке адамның аударылымы құзырлы органдардың жіті қадағалауында болады. Сонымен қатар, қор қаржысының мақсатқа сай жұмсалуы, көрсетілген қызметтің сапасы да назарда ұсталатынын айтты.

Басқосу соңында қатысушылар көкейінде туындаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Бұдан бөлек, оларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях