ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанғанын жазды, деп хабарлайды желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Вице-минстрдің айтуынша, жүкті әйел 2020 жылдың 8 сәурі күні келіп түскен. Оның босанатын уақыты жеткен және оған жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градус қа дейін көтерілген.
COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды. Әйел баласын аман-есен босанды.
Нәрестенің салмағы 2970,0 гр, бойы 51 см. баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынды. Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды.
– Олар, өз ісін адал атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының кезекшілер бригадасы: Ақбота Қоңқабаева, акушер – гинеколог Әйгерім Еңсепбаева – акушер Меруерт Аққайырова – неанатолог Айгүл Тұрғанбаева – балалар дәрігері, – деп жазды вице-министр.