Қырғызстан Президенті депутаттардың жалақысын қысқартты

0
1717

Қырғызстан елінің президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен парламент депутаттарының жалақысы қысқартылып, қызметтік автокөліктерден айрылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Президентінің сайтында хабарланғандай, «Республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы аясында парламентшілердің лауазымдық жалақылары азайтылды.

– Жогорку Кенештің лауазымдық жалақысы 30 мың сом мөлшерінде белгіленді;

– Жогорку Кенеш төрағасының орынбасарлары – 27 мың сомі

– Депутаттық фракциялардың көшбасшылары мен комитет төрағалары – 26 мың сомі

– Депутаттар – 25 мың сом.

Жарлықта бюджет саласындағы жағдайды жақсарту тетігі бар. Бұл ретте іс жүзінде ешқандай қаражат жұмсалмайды.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен шығыстарды ретке келтіру үшін негізгі шараларды іске асыру көзделеді. Мысалы, бұрын Жогорку Кенеш депутаттарына тұрғын үйге өтемақы төленген. Енді өтемақылар мен қызметтік автокөліктер алынып тасталды. Ал қолданыстағы қызметтік пәтерлер тұрғын үйі жоқ парламент депутаттары арасында бөлінетін болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь