«Халықтық заңгер» жалпы республикалық акция аясында

«Халықтық заңгер» жалпы республикалық акция аясында

«Халықтық заңгер» жалпы республикалық акция аясында  бүгін,  яғни, 7 ақпан күні, сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Қаскелең қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде кең көлемдегі республикалық «Халықтық заңгер» акциясы өтеді.

Кездесуге келген ауданның әрбір тұрғыны сот, прокуратура, полиция, халыққа қызмет көрсету орталықтары, әділет және мемлекеттік органдардың өкілдерінен жоғары білікті заңгерлік тегін кеңестер алады.
Көптеген азаматтар бірнеше себептерге байланысты ақылы заңгерлер мен әртүрлі саладағы мамандардың көмегіне жүгіне алмайды, бірақ акцияның арқасында олар осы мүмкіндікке ие болады. Негізінен ең басты ой – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтарға нақты заң көмегін көрсетуге бағытталған. Бір айта кетерлігі, аталған акция жыл бойы әр ай сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.   Біз бәрін күтеміз.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях