Украинада бір апта бұрын басталған орман өрті өршіп тұр

Украинада бір апта бұрын басталған орман өрті өршіп тұр

Чернобыль атом электр станциясы маңындағы орман өрті әлі де толық ауыздықталған жоқ, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Украинаның төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше осыдан бір апта бұрын басталған өртті өшіру жұмыстарына 312 маман мен 83 арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде тікұшақтар мен ұшақтар бар. Мамандар апат жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына қауіп төндіріп тұрған жоқ екенін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрттің шығуына 27 жастағы Раговка ауылының тұрғыны айыпталып жатыр. Белгілі болғандай, күдікті бұрын сотталған екен. Өзі болса, бұған дейін 3 мәрте қу ағашты өртегенін мойындап отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях