ҚТЖ-ның атышулы ЖШС-мен келісім-шарты бұзылған соң пойыз билеті көп арзандады  

ҚТЖ-ның атышулы ЖШС-мен келісім-шарты бұзылған соң пойыз билеті көп арзандады   

Ақпан айының соңына дейін «Тальго» пойыздарына билетті жеңілдікпен алуға болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Naqty.kz.

Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз»,— делінген ресми хабарламада.

28-51 пайыз жеңілдікпен алты бағыттағы пойызға билет сатып алуға болады.

Атап айтсақ, № 29/30 «Алматы 2-Атырау» — 35 пайызға дейін; № 51/52 «Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал» — 28 пайызға дейін; № 69/70 «Алматы-Өскемен 1» — 51 пайызға дейін; № 111/112 «Алматы 2-Маңғыстау» — 43 пайызға дейін; № 105/106 «Алматы 2 — Петропавл» — 46 пайызға дейін; № 711/712″ Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол — Шымкент» — 43 пайызға дейін.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде шу болған Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Instant Payments» ЖШС арасындағы келісім-шарт бұзылғанын жазғанбыз. Кейбір деректерде бұл компанияның Әлия Назарбаеваға тиесілі екені жазылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях