Туберкулезге шалдықққандар да жұмысқа жарамды

Туберкулезге шалдықққандар да жұмысқа жарамды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазіргі медицина жетілген заманда туберкулез айналадағыларға қауіпті аурулар қатарынан шығып келеді. Бұл туралы бүгін аудандық ауруханада «Туберкулез сіздің бизнесіңізге қауіп төндірмейді» атты акция аясында өткен жиында дәрігерлер айтты. Ол басқосуға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев, Алматы аймақтық туберкулезға қарсы диспансері басшысының орынбасары Қарлығаш Молдабекова, облыстық ЖИТС орталығы директорының орынбасары Самал Қожалимова мен аудандағы орта және кіші бизнес ошақтарының өкілдері қатысты.

Жалпы, жиынның мақсаты туберкулезбен ауырғандардың қоғамға ешқандай зиян келтірмейтінін айтып, жұмысқа жарамды екендіктерін түсіндіру болатын. Яғни, іс-шараға келген кәсіпкерлерге мамандар бұл аталмыш дерт жайлы толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ең алғашқы сөз алған Алматы аймақтық туберкулезға қарсы диспансері басшысының орынбасары Қарлығаш Молдабекованың айтуынша, бұрын бүгінгідей диагностикалық технологиялар болғамағандықтан, дәрігерлер бұрын ол адамға қандай дәрі беру керек екендігін шешкенше 2,5 ай күтетін. Қазір, екі сағаттың ішінде ауру жұқпалы ма, жұқпалы емес пе екенін анықтап бере алады. Былайша айтқанда, науқас адам қазір бұрынғыдай қауіпті емес. Олардың 70 пайызы әдеттегідей жұмыс істеп, оқуын оқи бере алады. Ал, соңғы он жылдың ішінде облыс бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны анағұрлым азайған. Мәселен, 2008 жылы олардың саны 1665 адам болса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 900 адамға түскен. Бұл, әрине, жылдан жылға еліміздің медицина саласы дамып келе жатқанын дәлелдейді. Тексерілген азаматтардың ішінен ауру белгілері табылған адамдар бірден бақылауға алынып, тез арада емделе бастайды. Ал, денсаулығына күмән келтіріп, өзінің жай-күйін білемін деген азаматтарға бұл үрдіс мемлекет тарапынан тегін екенін жеткізген Қ.Молдабекова бұл дертті жұқтырғандар үшін біздің отандық медицина саласы ақысыз ем-дом жасайтынын да тілге тиек етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях