Тоқаевтың республикалық және облыстық штабтары аудан жұртшылығымен кездесті

Тоқаевтың республикалық және облыстық штабтары аудан жұртшылығымен кездесті

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық пен облыстық қоғамдық штабтардың мүшелері Қарасай ауданындағы еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және жастармен кездесті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Астана қаласынан арнайы келген республикалық штабтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Құспан, Маггерам Магерамов, Қазақстан мәслихат депутаттар бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев болды. Олардың Қарасай жеріндегі алғашқы жүздесуі аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен өтті. Аталған жұмыс тобының өкілдері аудан жұртшылығымен кездесіп, қана қоймай, ҚР Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды. Соның ішінде бағдарламада халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгені кеңінен сөз болды. Өйткені аталған құжатта көптеген қазақстандықтар үшін өзекті саналатын баспана мәселесін шешудің тиімді жолдары қарастырылған. Одан кейін республикалық штаб мүшелері «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде спортшыларға барды.

Дәл осы күні облыстық штабтың да кандидаттың сайлауалды бағдарламасының түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілді. Бұл жұмыс тобының құрамында Жандарбек Далабаев, Әскербек Абаев, Әділет Барменқұлов сынды қоғамдық белсенділері бар. Олар Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен және аудандық және Береке ауылындағы Мәдениет үйлерінде тұрғындармен және бизнес өкілдерімен жүздесті. Кездесулер барысында жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама кеңінен сөз болды. Ал, жастармен өткен басқосуда олар бағдарламаның әлеуметтік бағытына жан-жақты тоқталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях