Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялап, реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындайды.
Бұл туралы мемлекет басшының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Naqty.kz
1Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», – деп жазды Берік Уәли