Қазақстанда өткен тәулікте 1747 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Індетті жұқтырған науқастар мына аймақтарда анықталды: Нұр-Сұлтан қаласы – 246, Алматы қаласы – 279, Шымкент қаласы – 63, Ақмола облысы – 127, Ақтөбе облысы – 53, Алматы облысы – 97, Атырау облысы – 85, Шығыс Қазақстан облысы – 95, Жамбыл облысы – 17, Батыс Қазақстан облысы – 95, Қарағанды облысы – 324, Қостанай облысы – 42, Қызылорда облысы – 13, Маңғыстау облысы – 42, Павлодар облысы – 105, Солтүстік Қазақстан облысы – 40, Түркістан облысы – 24.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 381907-ге жетті.