«Тіл» орталығындағы оңды іс

«Тіл» орталығындағы оңды іс

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде орналасқан «Тіл» орталығында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалы «English party» атты ағылшын поэзиясының кешін өткізді. Жиынды жоғарыда аталған орталық ұжымы ұйымдастырып, оған Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысып отырды.

Студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге ықпал ету, ойларын еркін айтуға үйрету, ағылшын жазушыларының өмірбаянымен таныстыру, ағылшын және қазақ жазушыларының еңбектерін оқып, тану арқылы жастардың білімін арттыру – дәрістің басты мақсаты болды.

Орталықтағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлдана Алтынбаева жүргізген бұл сабақтың басында жазушылардың өмірбаянын тыңдады тәлімгерлер. Одан соң студенттер әлемге аты әйгілі Шекспир, Байрон, Роберт, Генри сынды ақын, жазушылардың танымал шығармаларын ағылшын тілінде оқып берді. Әсіресе, Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзін үш тілде айтып бергенін ауыз толтырып мақтанышпен айтуға болады. Іс-шара барысында қазақша, ағылшынша әндер де айтылды.

Жиын соңында «Тіл» орталығының меңгерушісі Жанар Өмірзаққызы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, қаламызда осындай тегін орталықтың ашылуына ықпал еткен облыс пен аудан әкімдеріне алғыс айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях