«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?

«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?

Кепілдіктер – «Tengri Bank» АҚ негізгі және алдыңғы қатарлы өнімдерінің бірі. Қаржы ұйымы кепілдіктердің төрт түрін ұсынуға дайын, ал Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің банкке берген «В2» рейтингі  және тұрақты болжамы клиенттерге ірі ұлттық компаниялардың тендерлері мен сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді.

«Tengri Bank» АҚ қаскелең қ. Алматы облыстық филиалының директоры Гульжанат Ермухановна Абдрахманова мәлімдегендей, «Tengri Bank» АҚ клиенттері кепілдіктердің келесі түрлеріне: тендерлік, халықаралық, міндеттемелерді орындау кепілдіктері мен аванстық төлемді қайтару кепілдіктеріне ие бола алады.

Одан бөлек,  «Tengri Bank» АҚ шетелде жұмыс істейтін Қазақстан компаниялары үшін халықаралық кепілдіктерді шығаруда мол тәжірибеге ие.

«Tengri Bank» АҚ-на кепілдіктер үшін жүгінгендерге ағымдағы шот тегін ашылады, оларға жедел қызмет көрсетіледі. Оған қоса, клиенттер географиясын кеңейтуге және Банк-Клиент сервисі арқылы тұтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық кепілдіктерге ие болу мүмкіндігі де қарастырылған.

Банк қызметкерлері клиенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасауда және бір сағат ішінде қажетті кепілдікті шығару бойынша шешім қабылдайды.

Сандар туралы айтатын болсақ, 2019 жылдың басынан бастап банктің Қаскелең қ. филиалында клиенттерге жалпы сомасы 154 487 391 теңгеге 80 тендерлік кепілдік, 208 598 310 теңге сомасына, сондай-ақ  міндеттемелерді орындау және аванстық төлемдерді қайтару кепілдіктері шығарылған.

Гульжанат Ермухановна соның нәтижесінде клиенттеріміз жол құрылысы, оқу орындарының, медицина мен мәдениет нысандарының, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет нысандарының құрылысы,  жанар-жағармай материалдарын сатып алу, газ және жылыту жабдықтарын жеткізу саласындағы жобаларын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін атап өтті. Банктің жоғары рейтингі клиенттерге мемлекеттік, коммерциялық жобаларға және мемлекеттік сатып алуларғы қатысуға жағдай жасауда.

Сондай-ақ, халықаралық келісімшарттар аясында 97 000 000 теңге сомасындағы банктік кепілдіктер шығарылған.

«Жоғарыда көрсетілген сандар «Tengri Bank» АҚ осы өнімге баса назар аударатынына және кепілдікті шығаруда клиенттерге әркез көмектесуге дайын екеніне дәлел», –  деп атап өтті банктегілер.

Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжам мен «В2» рейтингін бергенін атап өткен жөн, соның арқасында «Tengri Bank» АҚ клиенттері тендерлер мен сатып алуларға еш кедергісіз қатыса алады.

Сізді филиалымызда төмендегі мекен-жайлар бойынша күтеміз:

Қаскелең қ., Наурызбай батыр к-сі, 27А

Телефондары:

+7 (72771) 7 99 99

+7 (72771) 7 99 90

+7 (72771) 7 99 80

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях