Темекі мен алкоголь сатып алар кезде сатып алущыдан жеке куәлік тек күмән туғанда сұралады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.
Енді барлық сатып алушыларға жеке куәлігін көрсетудің қажеті жоқ. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері осылай деп хабарлап отыр. Құжат тек сатып алушының 21 жасқа толғаны күмән туғызса ғана талап етіледі. Бұл өзгерістер тамыздың 19-ында енгізілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі осы өнімдерді сатып алғысы келетін барлық азамат куәлік көрсетуі қажет деп мәлімдеген болатын. Мұндай шешім қоғам арасында көптеген дау туғызды.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать