Өте өзекті мәселе

Өте өзекті мәселе

Sorry, this entry is only available in Русский.

Кеше ғана Парламентте «Мемлекеттік тілдің  латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткізілгені бұл істің  қазіргі кездегі өте өзектілігін анық көрсетеді.

Иә, осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың латын  қарпін енгізу жөніндегі бастамасы кемел  келешекке батыл бет алған егемен еліміздің рухани бет-болмысы мен қоғамдық ой-санасын айрықша өзгертетіні, ерекше жаңғыртатыны айқын дер едік.

Бір қуанарлығы, біз осы латын қарпіне көшуді бастама етіп көтергелі бері он жылдан аса  мерзім өткен екен. Содан бері ол әлсін-әлсін талқыланып,  әңгіме болып, қоғамдық пікірге арқау  етіліп келеді. Яғни, мәселе аяқ астынан, төтеннен қойылған жоқ. Бір қуанарлығы деп жоғарыда атап айтқанда осыны меңзегенбіз. Ендеше, латын әліпбиіне көшу әбден пісіп-жетілді, уақыты жетті, күні туды.

Ендігі басты міндетіміз – ел өміріндегі осы аса маңызды мәселені жоспарлы, әрі жүйелі түрде қолға алу болса керек. Алайда, асығыстыққа жол бермеуіміз қажет. Бәрін де дұрыс салмақтап, жақсы саралап барып қана кіріскеніміз жөн деп  есептейміз.

Осы орайда тағы бір айтарымыз, Қазақстанның латын қарпіне көшуі орыс тіліне ешқандай қауіп туғызбайтынын да білгеніміз дұрыс. Сонымен қатар, осы жүйені енгізсек, ол ағылшын тілімен қатар, тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге  қабілеттілігін арттырып, дүние жүзіндегі озық мемлекеттердің қатарынан табылуына жақсы ықпалын тигізеді.

Бұл ретте республикадағы ең негізгі саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясы да еліміз бен қоғамымызды дамытуға алып баратын осы іргелі іске үлкен үлесін  қосатын болады.

 Ықылас АМАЛБЕК,

«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях