Бүгінде еліміз бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Алматы облысының тұрғындары да белсенді түрде қатысып, облыс әкімінің қолдауымен жағажайларды, саябақтар мен аллеяларды тазалауда, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Тазалау жұмыстарына облыстағы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері де қосылып, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға деген ынта-жігерін танытты. Акция барысында айналаны қоқыстан тазалаудан бөлек саябақтар аймағына жас көшеттер отырғызылды.
Тағы бір айта кетерлігі сенбілік барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төртінші және жетінші саяжай учаскелерінің тұрғындарымен кездесіп, көгілдір отын, су, жол жөндеу мәселелерін көтерген тұрғындардың тілегін тыңдап, әңгіме-дүкен құрды.
Саяжай тұрғындары облыс әкіміне атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға, ашықтық пен халыққа жақындығына ризашылықтарын білдірді. Жиын барысында жер телімдері, көлік, мектеп, балабақшаға қатысты мәселелер көтерілді. Барлық сауалдарды аймақ басшысы тыңдап, тұрғындарға нақты түсініктемелер берілді.