Талдықорғанда Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың ашылу рәсімінде сөз алған «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек алдымен шараға қолдау білдірген облыс әкімі Амандық Баталовқа және шара ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық мүмкіншіліктерін көрсетуге негізделген спартакиадаға жергілікті журналистерден бөлек, аудандардан келген командалар келді. Волейболдан, шахматтан және үстел теннисінен БАҚ өкілдері арасындағы дода тартысты өтті.
Нәтежиесінде волейболдан I орын 300 мың теңге сертификатымен «Жетісу журналистері» командасы алса, II орын 200 мың теңге сертификаты «Бейне инженерлер» , III орын 100 мың теңге сертификатын «Операторлар» командасы иеленді.
Ал, шахмат сайысында «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаевқа тең келер қарсылас болмады. Екінші және үшінші орындар аудандардан келген баспасөз хатшыларына бұйырды. Үстел тенисінен бақ сынаған «Жетісу» радиосының тілшісі Мұхит Тоқтасын жарыс жеңімпазы атанса, екінші орын «Zhetysu film» департаментінің басшысы Ерлан Ушакпаевқа бұйырды. «Огни Алатау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков үшінші тұғырдан қол бұлғады. Қыздар арасында өткен бәсекеде «Жетісу» газетінің тілшісі Аружан Доланбековаға келер қарсылас болған жоқ. Нәтижесінде бірінші орыннан көрінсе, «Талдықорған» газетінің дизайнері Зарина Чечетова екінші орынды еншіледі, «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Зейнегүл үшінші орынмен жарысты аяқтады.