Тамыз айының соңына дейін Талдықорғандағы қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бұл жоба инвестор есебінен іске асыралатын болады. Бүгінгі таңда 7 компаниямен меморандум жасалып, 200-ге жуық автобусқа арнайы аппарат орнатылды. Қазір тұтынушыларға арналған карталарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Олар қала ішіндегі пошта бөлімшелері мен екінші деңгейлі банктерде сатылады. Құны үлкендер үшін 500, ал, оқушылар үшін 400 теңге болмақ.
Ал, осы салаға жауапты мамандар мұндай бастама ақша айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді дейді.
– Қанша адам мінді көріп отырады. Негізгі артықшылықтары қала шетінде жүрген автобустарға тиімсіз болса, өкіметтен ақша қарастырылады. Қарастырылған субсидияның арқасында автобустарды жаңартуға болады, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Алтынбеков,