Талдықорғанда ғашықтарға арналған ерекше орындық орнатылды

Талдықорғанда ғашықтарға арналған ерекше орындық орнатылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Талдықорған қаласында «Менің отбасым» атты кіші архитектуралық шағын ескерткіш қойылды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

15 сәуір қазақ тарихында мәңгілік махаббаттың символына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні. Осыған орай, Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында «Менің отбасым» атты кіші архитектуралық шағын ескерткіш орнатылды. Оның көпшілікке берер мағынасы терең.

Кіші архитектуралық қалыпта әрбір қазақ отбасында ата-ананың қадірі мен беделі ерекше болғандықтан мұнда ата-ана бейнесі бейнеленген. Одан бөлек, айналасында шаңырақ, жүрек, Жетісу мен Эйфель мұнаралары және қазақтың ұлттық оюлары да бейнеленген.

Аталмыш ерекше шағын ескерткіш Алматы облыстық журналистер үйінің ғимаратының ауласында орнатылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях