Талдықорған қаласында III Халықаралық «Манас» форумы өтті

Талдықорған қаласында III Халықаралық «Манас» форумы өтті

Sorry, this entry is only available in Русский.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы Талдықорған қаласында қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев қатысты. Сондай-ақ, оған арнайы қонақтар ретінде елшілер мен дипломаттар, көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлеріде келді.

[su_custom_gallery source=»media: 11037,11038,11036″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді. Жиында Қырғыз Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев сөйлеп, жақында Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметімен құттықтады. Мұнан бөлек, ол бауырлас елдердің достық қарым-қатынастары екі тараптың саяси, сауда-экономикалық, туризм және мәдени жағынан өсуіне ықпал ететінін айттып өтті. Сондай-ақ, басқосуды ұйымдастыра отырып, бауырлас екі ел арасындағы әдеби және мәдени байланыстарды жандандыруға қомақты үлес қосқан Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы сөйлеп, ежелден бауырлас халықтардың осындай қарым-қатынастары болашақ үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

Екі күнге жоспарланған форум Алматы облысының Кер­бұлақ ауданында жалғасып, екі ел зия­лыларының тобы осы өңір­дегі Шо­қан Уәли­хановтың мемо­риал­дық кешеніне тәу етіп, «Манас» фес­тиваліне қа­тысты.

Айта кету керек, бұл форум дәстүрлі түрде жыл сайын Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылуда. Аталған форумның алғашқысы 2018 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында «Айтматов тағылымы» деген атаумен өткізілген болатын. Алдағы уақытта бұл форум Ыстықкөл жағалауында жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях