Көшбасшымыздың бүгінгі Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын, оның ішінде табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналды. Одан бөлек, экономикамыз қарқынды дамып, заманауи прогрессивті елге айналып келе жатқанымыз, тіпті, бұл жеткен жетістігіміз үлкен байлық екені айтылды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдау барысында көптеген маңызды мақсат-міндеттерді ашып жеткізді. Мен бүкіл саналы өмірімді болашақ жастардың білім мен тәрбиесіне жұмсаған ұстаз ретінде Елбасымыздың педагогтар жайлы айтқаны жаныма жақын болды. Яғни, ол 2019 жылы «Педагогтар мәртебесі» туралы Заңның қабылдануы. Мемлекет басшысының ұстаздарға аса көңіл бөлуі парасаттылықтың белгісі деп білемін. Сондай-ақ, еліміздегі 275 мың азаматтық қызметкерлердің жалақы мөлшерінің өсуі айтылды, орта есеппен олардың табысы 35%-ға өсетін болды.
Елбасымыздың осындай бағыт-бағдар аясындағы пайдасы мол тапсырмалары арқылы халқымыздың әл-ауқаты бұдан да әрі өсетініне көзім жетеді.
Сағат Мәсімақынов,
Қарасай ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы