Табиғаттың тылсым күшінен пайда болған мұз төбе

Табиғаттың тылсым күшінен пайда болған мұз төбе

Sorry, this entry is only available in Русский.

Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында табиғаттың тылсым күшінен пайда болған мұз төбе бар, деп хабарлайды Karasayinfo.kz Кеген ауданы әкімінің баспасөз хатшысының ақпаратына сілтеме жасап. Ол күздің суығына қарай жер астынан аққан мөлдір су табиғат заңымен қатып, үлкен бір төбеге айналады. Бүгінде бұл жер өте танымалдыққа ие болып, оны тамашалау үшін өңіріміздің барлық аймақатарынан адамдар келуде.

Ал, ауыл жастары болса мұзтөбені көруге келгендерге әсерлі күй ойнап, қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс шатырын орнатып жатыр. Сырт көзбен қарағанда Шырғанақтағы мұз әр адамға ерекше бір әсер қалдыруда. Жаз айларында атқылап тұрған фонтан болса, қыста үлкен төбе болып ғажап дүние жасауда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях