Тағы екі партия құрылмақ. Біреуінің құрамында тек әйелдер болады

Тағы екі партия құрылмақ. Біреуінің құрамында тек әйелдер болады

Қазақстанда тағы екі саяси партия құрылғалы жатыр. Олардың бірін Сырымбек Тау, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай сияқты белгілі кәсіпкерлер құратыны белгілі болды. Екіншісі – танымал журналист Динара Сатжанның партиясы. Бірақ оның құрамында тек әйелдер болады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кәсіпкерлердің партиясы Respublica деп аталады. Оны қолға алып жатқандардың қатарында кәсіпкер, Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы, Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тау, ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесмен, «Оlzha Agro» компаниясының директоры Айдарбек Ходжаназаров, журналист, медиакәсіпкер Бейбіт Әлібеков, Учёт компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев, «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның президенті, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС-нің директоры Динара Шукижанова, коуч, бизнес-тренер Қуаныш Шонбай бар.

– Біз көп ойлана келе «Respublica» атты партия құруға шешім қабылдадық. Қазақта жақсы сөз бар: әуелі өзіңді түзе артынан төріңді түзе бірлікпен еліңді түзе деген. Осындай, қиын-қыстау кезеңде елге еңбек етуге бел будық. Сондықтан, «Respublica» атты партияны құрып, ары қарай жастарымызбен бірге дамимыз, деген ойдамыз. Сондықтан болашақ партияны «Respublica» партиясы деп атауды ұйғардық. Латын тілінен аударғанда ол «ортақ іс» деген мағынаны білдіреді. Сіздерде бізді қолдайды деген ойдамыз. Елімізді көркейту барлығымыздың «ОРТАҚ ІСІМІЗ!», – деп жазды белгілі Сырымбек Тау.

Ал құрамында тек әйелдер ғана болатынын айтқан Динара Сәтжан партия құру туралы идеясын инстаграм желісінде жариялады.

«Трендтен қалыспас үшін мен де партия құрмақпын. Бастамашыл топта мыңнан астам адам болуы шарт екен. Сол құрам съезге де бару керек. Мен рационалды адаммын. Алдымен дауыс беріп алайық. Менің партияма кімдер келер еді? Бірден айтайын, құрамына тек қана әйелдер кіреді», – деп жазды тележүргізуші.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях