Тұңғыш президент туралы архив деректері

Тұңғыш президент туралы архив деректері

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін, Алмалыбақтағы Алматы облысының мемлекеттік архивы және аталмыш мекеменің Қарасай филиалында «Тұңғыш президент туралы архив деректері» атты көрме өтті.

Облыстық мұрағат пен аудандық филиал бірлесіп  ұйымдастырған шараға «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Алмабек және басқа да мемлекеттік мекемелерден беделді меймандар арнайы шақырылды. Бұдан бөлек,  Елбасының бірнеше сыныптастары және осындай, бүгінгі ел ағаларына тәлім берген ұлағатты ұстаз Сейітхан Исаев және ауданымыздың дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназияның оқушылары қатысты.

Жиынның кіріспе сөзі, Алматы облысының мемлекеттік архивы бас директорының орынбасары Талғат Абылаевқа берілді. Одан соң, Елбасымызға ұстаз болған, «Парасат» орденінің иегері Сейітхан Исаев сөйлеп, көпке үлгі-өнеге болатын әңгіме қозғады. Оның барысында, Нұрсұлтан Әбішұлының -«Халық құжат іздеп шаршайды. Неге біз құжаттарды реттеп беретін орындарды дұрыстамаймыз?» деген сөздерін еске түсіріп, осыған бағыттап күш жұмсап жүрген жандарға ұзақ ғұмыр тіледі қария.

Ал, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Елбасының сыныптасы Сайлаубек Қыдыралиев өз сөзін, келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаудан бастады. Дара тұлғалы сыныптасы туралы естелік айтып, жастық шақтан сыр шертті.

Көрмеде, Елбасының жас кезіндегі, оқушы кезіндегі суреттері және көне кітаптары мен мақалалары көрсетілді.

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан, елін сүйген Елбасынан үлгі алу, жас ұрпаққа Президенттің сан қырлы талант иесі, үлкен тұлға екенін таныту мақсатында ұйымдастырылған игі шара бас қосқандарға ерекше әсер сыйлады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях