Тұңғыш Президент күні қарсаңында  

Тұңғыш Президент күні қарсаңында   

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтар үшін айтулы мерекелердің бірі. Осы атаулы күнге және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін Елбасымыздың туған жерінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Елім деп соғады жүрегім» тақырыбында  алқалы отырыс болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аталған шара дәстүрге айналып, жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Қарасай жеріне арнайы жұмыс сапармен келіп, жиынға қатысқандардың арасынан құрметті меймандардың қарасы аз болмады. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, ҚР дипломатиялық қызметтің ардагерлері,  еліміздегі әзірбайжан ассоциясының, ауған орталығының, дұнған одағының, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Сенегала мемлекетінің бас консулы, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директоры Еркін Исраилов.

Алдымен қонақтар «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын аралап, оларға музей қызметкері экскурсия жүргізді. Елбасымыздың өмірі мен қызмет жолынан сыр шертетін баға жетпес мұралар дипломаттар үшін тың дерекке айналды. Меймандардың мұражай ішіндегі саяхатының соңы  дөңгелек үстел басындағы ашық әңгімемен жалғасты. Жиынға Еркін Дәулетұлы өзі төрағалық етіп, сөз басында  отырысқа қатысушыларды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Алғаш сөз кезегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы Руслан Қарабуловқа беріліп, ол киелі қарасай жерінің өркендеуіне, өсуіне деген жылы лебізін білдірді. Одан бөлек, басқа да шетел елшіліктердің төрағалары мен өкілдері жеке-жеке сөз алып, Елбасымыз жайлы тұщымды ойларын ортаға салды. Қонақтардың сапары Шамалғандағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев оқыған Қарасай батыр мектебінде түйінделді. Кіре берістен күтіп алған оқушылар мектептің тарихы жайлы әңгімелеп, оқу орнының ішіндегі «Шапағат» музейін аралатты.  Іс-шара соңында дипломаттар  қарасайлықтардың қонақжайлықтарына өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях