Бүгін Қаскелең қаласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенділер қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемен ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл, міне, 28 жыл толды. Осы айтулы мереке қарсаңында, яғни, бүгін қала әкімі Асқар Мұқашев Қаскелеңнің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
[su_custom_gallery source=»media: 14645,14643,14642,14644″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Бұл игі шараға әртүрлі салада еңбек етіп келе жатқан, атап айтқанда, білім саласының мамандары мен кәсіпорындардың өкілдері және белсенді тұрғындар қатысты. Марапаттау салтанатында сөз алған қала әкімі Асқар Мұқашев шараға қатысушыларды әр елдің, әр халықтың жыл сайын тойланатын басты мерекесі болып саналатын Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, қала басшысы Қаскелеңде болып жатқан өзгерістер жайын кеңінен тоқталып, қоғамдық шараларға белсене қатысып, қаланың өркендеу жолында қызмет етіп, үлкен үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенді азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.